Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирьмен» кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 18:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 46 мәрте шеберлік байқасты. Оның 18-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде мерейі үстем болса, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Сибирь» соңғы алты кездесудің екеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасынан жеңіліп қалды.

Ал «Сибирь» Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасынан басым түсті.

Қазір «Барыс» 22 ойыннан кейін 18 ұпаймен турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Авангард» 17 ұпаймен 20-орында тұр.



Соңғы жаңалықтар