+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар 2 алтын еншіледі

2020 жылғы 21 ақпан 21:03
Бөлісіңіз:
Күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар 2 алтын еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Бала балуан» республикалық турнирі өтеді Еркін күрес: Mattaeo Pellicone турнирінде қазақстандықтар алғашқы медалін иеленді Дәурен Абаев: «Әлем барысы» қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі

53 келіде күрескен Татьяна Ахметова жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда әлем және Азия чемпионы жапониялық Маю Мукаиданы жеңді.

72 келіде күрескен Жамиля Бақбергенова ел қоржынына екінші алтынды салды.

62 келіде күрескен қазақстандық бұрымды балуан Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды.

Ал 57 келіде күрескен Алтынай Сатылған қоланы қанағат тұтты.

Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-ші орынмен аяқтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Азиада, Спорт, Қазақ күресі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT