Күрес түрлерінен ӘЧ: Элмира Сыздықова Олимпиадаға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында әйелдер күресінен Элмира Сыздықова Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, 76 келі салмақтағы Элмира Сыздықова бірінші айналымда америкалық Аделина Грейгке есе жіберген болатын. Бағына қарай, қарсыласы финалға дейін сүрінбей жетіп, қазақстандық балуан жұбаныш белдесу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгін Сыздықова екі бірдей жұбаныш белдесуінде қарсыласын ұтып, қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Ол жұбаныш белдесуінде алдымен, италиялық қарсыласын 10:0 есебімен ұтса, кейін қытайлық Тайпей өкілін 11:6 есебімен жарыс жолынан тайдырды. Енді ол кешкі сағат 18:00-де қола медаль үшін сынға түседі. Қарсыласы германиялық балуан болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер күресінен 50 келі салмақтағы Валентина Исламова әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.


Фото: olympic.kz



Соңғы жаңалықтар