Курчатов қаласындағы ауруханаға жаңа медициналық жабдықтар жеткізілді – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында короновирус инфекциясымен ауырғандарды емдеуге қажетті медициналық аппараттарды алу үшін 20 млн теңге жаратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен баспасөз брифингі барысында Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский мәлімдеді.

Қалалық аурухана жергілікті жұртқа қызмет көрсететін жалғыз көп салалы медициналық мекеме. Аурухана дүйім жұртқа стационарлық көмек көрсетеді: соматикалық бөлімшеде 40 төсек орын бар, оның құрамына: терапевтік, хирургиялық, гинекологиялық, босану, инфекциялық, педиатрлық, медбикелік көмек, паллиативтік көмек төсек орындары, сондай-ақ стационарлық 20 төсек-орны кіреді.

«Қалалық ауруханада 22 дәрігер және 81 орта медициналық персонал жұмыс істейді. Аурухананы жаңа медициналық жабдықтармен жабдықтау мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Пандемия кезінде қайырымдылық аясында Ұлттық ядролық орталығымен короновирус инфекциясымен ауырғандарды емдеуге қажетті аппараттарды сатып алу үшін 20 млн теңге бөлінді», – дейді Алексей Глазинский.

Осы жылдың қорытындысында қалада туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай белгіленді, жаңадан пайда болған қатерлі ісіктерден көз жұмғандар тіркелмеді. Ана өлімі болмағанымен, 1 бала өлімі тіркелген. Сонымен қатар тұрғындарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында 28 101 941 млн теңге жұмсалды.


Соңғы жаңалықтар