Құрамында есірткі бар дәрі-дәрмекті сатқан 3 медқызметкерге іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрамында есірткі заттары бар дәрі-дәрмек айналымы ережесін бұзған 3 медицина қызметкеріне қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының төртінші кезеңі өткізілді. Оның негізгі мақсаты – есірткі, психотроптық заттары мен прекурсорлардың заңды айналымының бұзылуын анықтау. Іс-шараны өткізу барысында аталған заттарды қызметінде пайдаланатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Операцияның 6 күні ішінде елімізде ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабымен (есірткі, психотроптық немесе улы заттар айналымы ережесін бұзу) 12 қылмыс анықталды»,- деді Нұрділдә Ораз ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында құрамында есірткі бар дәрі-дәрмек айналымы ережесінің бұзылуына жол берген 3 медицна қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«129 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке 129 адам, оның ішінде 32 медицина қызметкері тартылды. Барлық материалдар Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне берілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар