+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Құны 25 мың теңгелік телефон ұрлаған атыраулық екі жылға сотталды

2021 жылғы 22 маусым 07:47
Бөлісіңіз:
Құны 25 мың теңгелік телефон ұрлаған атыраулық екі жылға сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда телефон ұрлаған ер адамның бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 2 млн теңгесінен айырылды Павлодардағы алаяқ атыраулықтың атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген Атыраудағы дүкенде электрошокер заңсыз сатылған

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы ер адам танысының «NOKIA» маркалы телефонын ұрлаған.

«Жәбірленуші Махамбет аудандық полиция бөліміне арызданып, құны 25 мың теңге тұратын «NOKIA» маркалы телефонын біреу ұрлап кеткенін айтқан. Соңғы рет үйінде 37 жастағы танысы қонақта болыпты. Олар бірге ішімдік ішіп, артынша жәбірленуші ұйықтап қалған. Ал, күдікті азамат «ұялы телефонды ойнап алып кеттім» деп ақталып, келесі күні полиция қызметкерлері арқылы телефонды қайтарып берген. Тексеру кезінде күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды. Сотталушының кінәсі сот тергеуінде зерттелген іс материалдарымен дәлелденді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, оған түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 20 жастағы алаяқ үш жыл бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатынын жазған

болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT