Күнгейде 7 мыңнан астам адам мемлекеттік бағдарламамен жүмысқа орналасқан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 7 мыңнан аса адам жұмысқа орналасқан. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан 536 млн теңге қаралып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақыпбек Анарбаевтың сөзінше, 2018 жылы кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамтылған адамдар саны 7225-ті құраған. Оның ішінде 2066 адам жұмыссыз болса, 3277 адам - нәтижелі жұмыспен қамтылғандар. 1228 адам жұмыс іздеуші санатында белгіленгендер болып отыр.

Аталған бағдарламаға тартылған 639 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. Ал, 288 адам қоғамдық ақылы жұмысқа жолдама алды. 1470 жұмыссыз тұрақты жұмыс тауып, тағы 431 қыз-жігіттер Жастар практикасынан өткен.

Жалпы, жұмыссыздықты төмендету үшін қолға алынған бағдарлама бес бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен, дипломы бар мамандарды тұрақты жұмысқа орналастыру жүзеге асырылуда. Екіншіден, мамандығы сәйкес келмейтіндерді қайта бейімдеу ісі қолға алынған. Сондай-ақ, жұмыс өтілі жоқ жастарды практикадан өткізу де өзекті проблемалардың бірі болып отыр.

Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп, кәсіпкерлікті дамыту да жолға қойылып келеді. Бүгінде осы бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар