Kundelik жүйесі үшін мемлекет ақша төлемейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kundelik жүйесі жарнама есебінен қаржыландырылады. Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлім етті , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн конференцияда мектеп оқушыларын ІV тоқсанда қашықтан оқыту мәселесі айтылды.

«Kundelik жүйесі тегін жұмыс істейді. Осы жүйенің қолданғаны үшін мемлекет ақша төлемейді. Арнайы мобильді қосымша арқылы қосымша қызметті қолданған кезде ғана ата-аналардан ақша ұсталған. Пандемия кезінде бұл қызмет түрі де тегін болды», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл жүйе жарнама есебінен жұмыс істеп тұр.

«Бұл жоба жарнамалардан түскен қаржы есебінен жұмыс істеп тұр. Бұған бюджеттен ақша төленбейді. Ал форматы мен контентінің тарылып кетуіне қатысты жоба иелерімен кеңесеміз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар