​Құлжа тас жолындағы жаңа жол айырығы үш деңгейлі болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құлжа тас жолындағы жаңа жол айырығы үш деңгейлі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматыда Бұқтырма көшесімен қиылысатын «Құлжа» тас жолында көліктерге арналған жол айырығының құрылысы жалғасып жатыр. Нысан, бірінші кезекте, жоғарыда аталған бағыттағы кептелістің қысқаруына, экологиялық жағдайды оңалтуға, сондай-ақ, қалалықтардың діттеген орнына жыдам әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Жоба бойынша аталмыш жол айырығы үш деңгейлі болады. Бұқтырма көшесінің бойында ұзындығы 570 метрлік туннель, Құлжа тас жолында ұзындығы 783 метр болатын эстакада және осы көшелер қиылысында айналма қозғалысты ұйымдастыруға арналған рампа бөлігі бар.


Соңғы жаңалықтар