Күлтөбе қалашығындағы ғибадатхана Наурызды қарсы алатын киелі орын болған - ғалымдар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар Күлтөбе қалашығындағы кресттәріздес ғибадатханадан жаңа фактілерді анықтады. Ғибадатхананың архитектурасы мен жобаланған құрылыстарды зерттеу арқылы мамандар бұл орыннан ежелгі Наурыз мейрамы туралы жан-жақты әрі тереңірек мағлұматтар ұсынып отыр.

Айта кетейік, «Күлтөбе қалашығының тарихи объектілерін реставрациялау» жобасы аясында «Күлтөбе қалашығы» атты аспан астындағы бірегей археологиялық парк құру жоспарланған. Аталған жобаны Қазақ ғылыми–зерттеу мәдениет институты Eurasian Resources Group (ERG) қаржылық қолдауымен жүзеге асырып келеді.

Қалашықтағы парктің сәулеттік жауһары саналатын аса маңызды нысанның бірі кресттәріздес сармат-қаңлы кезеңіне (б.з.д I ғ.– I ғ.) жататын зороастрия храмы болып табылады. Бұл орында ежелгі қала тұрғындары Күн культіне арналған түрлі жөн-жоралғыларын, әдет-ғұрыптарын жүзеге асырған. «Дәл осы тұсты мұқият зерттеп, сол дәуірдің архитектуралық жобалау шешімдерін тереңірек зерделеу барысында бұған дейін гипотез ретінде ұсынылып жүргендерді растай түсетін жаңа фактілерді ашыла түсті», дейді жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов.

Белгілі архитектор, Күлтөбе қалашығының археологиялық ректаврациясы жөніндегі ғылыми консультанты В.И. Артемьев те осыған қатысты кеңірек әңгімелеген болатын. «Егер наурыз айында түннің жарымында ашық аспанға қарасаңыз, онда нақ тас төбеңізде әдемі шоғырланған әрі ортасындағы ерекше жарық жұлдызы бар Арыстан шоқжұлдызын (қазақ халқы Қамбар деп те атаған) көресіз, оны Арыстан жүрегі немесе Регулус деп те атайды. Ежелгі жұлдызшылар дәл осы картинаға назар аударып, ол туралы күрделі мифологиялық формада бейнелеу мұраларын қалдырған. Расында да, Месопатамиядан Қытайға дейінгі аралықта, соның ішінде Орталық Азия халықтарында да «өзінің құрбанын жайпаған Арыстан» ежелден ақ – даладағы егін жұмыстары үшін жаңа циклдың басталған уақытын білдіреді. Дәл осы сюжеттің молшылық идеясы, көктемгі берекенің бастауы болатынын қазір көпшілік ұға бермейді. Біздің өңірде ежелден бері кеңінен аталып өтетін Наурыз мейрамы да осымен тікелей байланысты …», - дейді ғалым.


1. Арыстан шоқжұлдызы

Оның айтуынша, бұл астрологиялық құбылыс Күлтөбедегі ғибадатқананың сәулеттік жобалық шешімінде негізгі рөлді атқарды. Бұдан бөлек, дәл осы жерде кресттәріздес зороастрия храмының тағы бір астро-ерекшелігін байқауға болады: ғибадатхананың басты бағдары, күн мен түннің теңелуін білдіретін – Наурыз белгісі ылғи да шығысқа, яғни Күлтөбеге қаратылған!

«Қамалдың дәл алтықырлы формада қалыптасуының ретроспективалық сараптамасы – бұл осы орынның гео –ерекшелігімен тікелей байланысты ерекше құбылыс», -дейді Владимир Иванович.

Бұл мәселеге Қазақстанның белгілі археологы, «кресттәріздес храмды» алғаш ашқан Е. Смағұлов та назар аударған болатын. Ол осы нысанның ерекше жоспарланғанын да алға тартқан. Археологтың айтуына қарағанда, мұндай ғимараттарды Орталық Азияның барлық аумағынан кездестіруге болады, ал олардың барлығы дерлік б.з.д бірінші ғасырдан бастап ислам діні келгенге дейінгі 7 ғасырларға тиесілі.

Қазба жұмыстары барысында ерекше өзгешелік анықталды: құрылыс нысанының барлық ғимараттарын соны салған өз қожалары бөгде жұрттан мұқият жасырып отырған, тіпті осы үшін арнайы кірпіштер қаланғандықтан, оны табу қазіргі ғалымдарға да оңайға түспеген еді. Мұның өзі нысанның ерекше тазалығын әрі қасиетін, яғни олардың таза діни жоралғыларға арналғанын білдіреді десе болады.

«Бұнымен қоса, «крестке» қорғаныс жүйесі ерекше қуатты етіп жасалған төртмұнаралы қамал соғылған. Сосын барлық аумақ алтықырлы ғибадатхана түрінде бұрыштарына алты мұнара жапсарласқан. Тек қана ерекше қасиетті саналатын орындарды осылай мұқият қорғаған», - дейді археолог Айсұлу Ержігітова.

Храм «крестінің» орталық өзегі шығысқа бағытталған, яғни көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесіне бағытталып отыр. Храмның ең негізгі белгісі, атқаруға арналған қызметі де осы деуге болады , бұл – жаңа жылдың алғашқы күнін, егіс жұмысының жаңа маусымын, егін егу мен жиын-терімнің жаңа циклын анықтауға арналады. Бір сөзбен айтқанда, Күлтөбе айналасындағы жұртшылықтың, қауымдастықтар мен қоғамның алдағы молшылық пен берекесіне бастайтын күн осы нүктеден анықталып отырған. «Кресттің» негізгі орналасқан жері – бұл ұзын әрі жіңішке ғибадатхана, оның дәл ортасында «мәңгілік оты» бар алтарь (мехраб) орналасқан. Әр жыл сайын уақыты дәл есептеле отырып, наурыз айының 21-і күні күннің сәулесі ғибадатхананың шығыс қабырғасындағы жіңішке саңылаудан еніп, алтарьға бірнеше минут жарығын сепкен. Дәл осы сәтті аңдып, асыға күтіп отырған абыздар, пірәдәрлар мен қызметшілер жалпыхалықтың мерекенің басталғанын жариялап, жаңа егіс жұмыстарының басталғанын айтып, баршаға жар салған. Осылайша ежелгі Күлтөбе тұрғындарының рухани әрекеті мен өмірдегі тыныс тірлішігі біте қайнасып жатты, - деп атап өтеді В. Артемьев.


3. Күлтөбеғибадатханасындағы көктемгі күн мен түннің теңелуін білдіретін нүкте


Тұтастай алғанда көктемгі табиғаттың жаңаруын білдіретін Наурыз отырықшы ғана емес, көшпенді халықтар үшін де молшылықтың бастауы деп саналған. Басты міндет егер отырықшы, егінші халық үшін – көктемгі егісті жақсы сеуіп, күзден береке күту болса, көшпелілер үшін -мал басын сақтап, олардың санын арттыруға деген ишаралары көктемгі әдет-ғұрыптар мен жоралғыларында көрініс тауып отырған. Бұл тұрғыдан алғанда Күлтөбе ғибадатханасы – қазақ реалиясында Наурыз мейрамын тойлаудың алғашқы әрі ежелгі материалдық куәлігі бола алады» - дейді өнертанушы Мәдина Сұлтанова.


4. Күлтөбе ғибадатханасы мен храмы құрылысының заңдылығына сараптама


5. Кресттәріздес Күлтөбе ғибадатханасы


6. Кресттәріздес ғибадатхананың ішкі көрінісі

Ғалымдар мен археологтар Күлтөбе қалашығына ауқымды дисциплинараралық қадамға негізделген зерттеулерін жалғастырып келеді. Ал бұндай жұмыстарда көктемгі жаңарудың, күн мен түннің теңескен мерекесі саналатын Наурызбен байланыстыратын, ерекше маңызды фактілер де аз болмасы анық.


Соңғы жаңалықтар