Күлекбаевтың «арақ-шарап сатқан күнәһар» кәсіпкерді қалай тонағаны анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы терактіге қатысты өтіп жатқан сот отырысында кәсіпкер Вячеслав Мещериков Руслан Күлекбаевтың қалай шабуыл жасағанын айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қазан күні 2015 жылы кешкі уақытта Руслан Күлекбаев мені 13 шағын аудандағы 4 үйдегі кіре берісте күтіп тұрған. Ол маған травматикалық қарудан 5 рет оқ атып, сөмкемді алып кетті. Сөмкеде құны 110 000 теңге тұратын iPad 2 планшеті болды. Ұрланған сөмке 40 000 теңге, барлығы 150 000 теңге материалдық шығын келтірді», - деді кәсіпкер.

Кәсіпкерге дейін сотта айыптау актісін оқыған прокурор Бақашбаев Күлекбаевтың ісіне қатысты 5 сотталушының осы қылмыстық істі Күлекбаевпен сөз байласу арқылы жүзеге асырғанын айтқан болатын. 

Прокурор Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов Күлекбаев аталған қылмысты жүзеге асыруына жағдай жасап, бөгде адамдардың жақындамауын қадағалап тұрғанын айтты. 

Сотта, прокурордың айтуынша, Күлекбаев қылмыстық тобындағыларға Мерещиковтың арақ-шарап сатумен айналысатынын, оны тонау күнә емес, керісінше, ол күнәһар екенін айтып, өзінің діни көзқарасын білдіріп, өзгелерді үгіттеген.

Сотта тергеуде анықталмаған Мирас есімді біреуден Мерещиковтың 5-6 млн теңгені өзімен тасымалдап жүретінін біліп, қарулы шабуылды жоспарлағаны айтылды. Алайда, Мерещиков сотта автобөлшектер сатумен айналысқанын, ондай көп мөлшердегі қаражатты банк инкассациясы арқылы ғана жүзеге асырғанын жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар