08:33, 06 Желтоқсан 2019 | GMT +6
«Құлагер» хоккей клубының бас жаттықтырушысы отставкаға кетті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Құлагердің» бас жаттықтырушысы Олег Гущин отставкаға кетті. 48 жастағы ресейлік маман клубта 2016 жылдан бері жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шайба.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлдық команда 30 матчтың қорытындысы бойынша 37 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.
Фото: shaiba.kz