Кукушкин ATP рейтингінің үздік жүздігінде өз орнын сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы  (ATP ) өкілдерінің жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Испандық Рафаэль Надаль бұрынғыша әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалса, екінші орында  швейцариялық теннисші Роджер Федерер тұр. Көшбасшылар үштігін неміс спортшысы Александр Зверев түйіндеді.

ТОП-100-дегі жалғыз қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 96-шы орында тұр.  Үздік жүздікке жақын тұрған отандасымыз Александр Бублик бір позиция жоғалтып, 143-орынға сырғыды.

Соңғы жаңалықтар