Күкіртсутек мөлшері 13 есе артқан: Петропавлдықтар ауадағы күлімсі иіске шағымдануда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Күн жылынғалы Петропавлды биотоғаннан тараған жағымсыз иіс жайлады. Тұрғындар бүгінде терезе ашудан қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда жағымсыз иістің тарағанына бірер апта болды. Бұл жайында әлеуметтік желіде де талай рет айтылып, тұрғындар наразылық білдірді.

Петропавл тұрғыны Мария Вичко – солардың бірі. Қолқаны қабар жағымсыз иіс әсіресе кеше кешқұрым күшейген. Есік-терезені жауып үйде отырудан басқа амалы қалмаған. Бүгінгі жаңбыр да ауадағы иісті жоймады.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалы мамандарының айтуынша, ауаны күкіртсутегі ластап жатыр. Қала сыртындағы биотоғанның бетіндегі мұз ерісімен, улы газ ауаға тараған. Өткен түнде ауадағы күкіртсутектің нормадан 13 есе артқаны тіркелді.

«Ауаның күкіртсутекпен ластануы алдын ала болжанып, тіркелсе, ескерту жарияланады. Күкіртсутегінің жоғары мөлшері кеше кеш тіркеліп, сондықтан қала халқына хабарлама жолданған жоқ», - дейді филиалдың зертхана меңгерушісі Оксана Гордиенко.

Мамандардың сөзінше, адам күкіртсутектің иісін шекті рұқсат етілген концентрациясынан 3-4 мәнге асса сезеді. Ал 10-нан асқан жағдайда тиісті органдарды ескертуі қажет.

Петропавлда атмосфералық ауаның сапасын 4 экопост бақылайды, олардың екеуі автоматтандырылған.


Соңғы жаңалықтар