Күкірті мол газды заңсыз жаққан «Ембімұнайгаз» АҚ-дан 1,3 млрд теңге өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Ембімұнайгаз» АҚ-нан 1,3 млн текше метр газды заңсыз жаққаны үшін 1 млрд 281 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ембімұнайгаз» АҚ қондырғылардағы факелдерде 1,3 млн текше метрден астам газды заңсыз жаққаны анықталды. Газ құрамында күкірттің құрамы көп болған. Прокурорлық қадағалау іс-шарасының нәтижесінде өкілетті органмен мемлекет пайдасына қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін 1 млрд 281 млн теңге өндірілді»,- деді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Сондай-ақ, «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС-нен өкілетті органмен қоршаған ортаға рұқсат етілмеген эмиссия үшін салықтық төлем ретінде 153,1 млн теңге өндірілген.


Соңғы жаңалықтар