Құдыққа құлаған әріптесін құтқармақ болған 5 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Уфа қаласында мейрамхана кешенінің 6 қызметкері құдыққа құлап кеткен әріптесіне көмектесу үшін төмен түсіп, белгісіз газбен уланған. Олардың бесеуі қаза тапты. 

Бұл туралы жұма күні қала мэриясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Алдын ала дерек бойынша, мейрамхана қызметкері нысан аумағында жұмыс істеп жүріп, құдық ішіне құлаған. Оған көмектесуге басқа да қызметкерлер келіп, құдыққа түскен. Қолда бар ақпарат бойынша, құдықта белгісіз газ жиналып қалған. Соның салдарынан кешен қызметкерлері естен танған», - делінген хабарламада.

Жедел жәрдем мен Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері оқиға орнына 10 минутта келген.

«Өкінішке орай, тек бір қызметкерді құтқарып үлгердік. Бесеуіне көмектесе алмадық - олар қаза тапты», - деп атап өтті мэрияда. 

Соңғы жаңалықтар