Құдалық, туған күн жасаған түркістандықтар жазаланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 50-ге тарта ерікті тәртіп сақшыларына көмектесіп, жергілікті халыққа қол ұшын созуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бәйдібек ауданындағы еріктілер «Борлысай», «Екпінді», «Түйетас» санитарлық бекеттеріндегі қызметкерлерге тосынсый жасап, «Сіздерге мың алғыс» деген жазуы бар тоқаштар таратылды. Тәулік бойы қызметте тұрғандарға үнемі ыстық тамақтар үлестірілуде. Сондай-ақ, төтенше жағдай енгізілгелі бері еріктілердің көмегімен 13 құқықбұзушылық анықталып, заңға сәйкес тәртіп бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама толтырылған. Мәселен, Түркістан қаласындағы дәмханалардың бірінде құдалық пен тәтті шай жасаған азаматқа 26 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Тағы бір түркістандық тұрғын туған күн жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынған.


Соңғы жаңалықтар