Кубада жағажайда жүрген бес адамға жай түсіп, опат болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кубаның Маябек провинциясында жағажайда демалып жүрген бес адамға жай түсіп, ажал құшты. Бұл туралы Granma басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін болған. Қаза тапқандардың екеуі ересек адамдар, ал үшеуі кәмелетке толмаған бала.

Найзағайдан зардап шеккен тағы бір бозбала ауруханада жатыр.

Айта кетейік, Куба найзағай саны бойынша әлемде алғашқы орындарда тұрады. Әсіресе, осы Маябек провинциясында жиі найзағай жарқылдайды. Оның үстіне мамыр-қазан айлары азаттық аралында дауыл маусымы саналады.

Соңғы жаңалықтар