+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Кубада Фидель Кастроның атын көшеге беруге тыйым салынады

2016 жылғы 4 желтоқсан 10:00
Бөлісіңіз:
Кубада Фидель Кастроның атын көшеге беруге тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба Үкіметі Фидель Кастроның құрметіне көше аттарын беруге және ескерткіштер қоюға тиым салады. Бұл жеке басқа табынушылықтан арылу үшін жасалынбақ, деп хабарлайды dw.com.

Куба Президенті Рауль Кастроның мәлімдеуінше, оның Үкіметі Фидель Кастроның атымен көшелер мен қоғамдық орындарды атауға жол бермейді. Бұндай мәлімдемені сенбі күні 3 желтоқсанда қаралы митингтегі сөйлеген кезінде жасады.

Рауль Кастро Ұлттық ассамблеяның келесі сессиясында Фидель Кастро дүниеден өткесін «мекемелер, көшелер, парктер, қоғамдық орындар ешқашан оның атымен аталмасын» деген заң қабылданатынын атап өтті. Бұған қоса, Фидель Кастроның құрметіне ескерткіштер орнатылмайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кубада Фидель Кастромен қоштасу рәсімі өтуде. Елдің бас алаңы Сантьяго-де-Кубада өтіп жатқан шараға жарты миллионға жуық адам қатысуда. Бүгін марқұмның өртелген денесінің күлі салынған құмыра Санта-Ифигения зиратына жерленеді.
Еске сала кетсек, Куба төкерісінің көсемі Фидель Кастроның қайтыс болуына орай аза тұту күні тоғыз күнге созылды. Ол жерлеу рәсімімен аяқталады. Бұл туралы Куба Республикасы үкіметінің сайты хабарлаған болатын. Фидель Алехандро Кастро Рус Фидель Кастро 25 қарашада 90 жасында жергілікті уақытпен 22:29-да дүниеден озды. Бұл туралы оның інісі Рауль Кастро мемлекеттік телеарна арқылы мәлім етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT