+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қуат Хамитовтың соты кейінге қалды

2021 жылғы 20 қаңтар 12:46
Бөлісіңіз:
Қуат Хамитовтың соты кейінге қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың соты кейінге қалды. Спортшы онлайн сот отырысына интернет арқылы қосыла алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Балалар мектепте маскамен отыруы тиіс пе - Жандарбек Бекшиннің жауабы «Ashyq» жобасы үшін ПТР тест тапсыру қажет пе Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады

Алмалы аудандық сотының судьясы спортшының неге интернетке қосыла алмағанын сұрады.

«Судья мырза, ол техникалық себептерге байланысты қосыла алмай жатыр. 20 минут өтті, мен де әрең қосылдым. Интернет нашар сияқты. Процесті кейінге қалдырсақ бола ма?», - деп сұрады сотталушының адвокаты.

Прокурор сот процесін сотталушының қатысуынсыз өткізуге болмайтынын айтты.

Нәтижесінде сот отырысы кейінге қалдырылды.

Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) істі боп жатыр. Бас сот талқылауы Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.

Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын.

Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT