ҚТЖ жолаушы пойыздарының неліктен кешігіп жатқанын түсіндірді

None
None
НҰР – СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы жолаушы пойыздарының неліктен кешігіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолдардың күрделі жөндеуден өткізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бұзылатындығы байқалатынын хабарлайды. Сәуір айынан бастап қозғалыс қауіпсіздігін және жолаушылар мен жүк пойыздары жылдамдығын арттыруға бағытталған, теміржолдарды жаңғырту басталды. Жұмыстар штаттық режимде, үздіксіз жүргізілуде. Коронавирус індетімен күрес шеңберінде қабылданған барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген», делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«ҚТЖ» келтірілген ыңғайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрай отырып, жұмыстардың тезірек аяқталуына қажетті барлық шаралар қабылданатынын хабарлады. Сондай-ақ компания заңнамада жолаушы пойызы кешіккені үшін айыппұл төлеуі қарастырылғандығын еске салды.

«Теміржол көлігі туралы» Заңының 80-бабы «Жолаушыны, багажды, жүк багажын жеткізу мерзімінің бұзылуына жауапкершілік».

Баптың 3 тармағы - Жөнелтуді ұстанғаны үшін, сондай-ақ белгіленген теміржол стансасына жолаушыны тасымалдайтын жолаушылар пойызының кешіккені үшін егер кешігу немесе кідіру белгісіз күш салдарынан екенін дәлелдемесе тасымалдаушы жолаушыға әр кешігу уақыты үшін жол жүру құжаты (билет) құнының үш пайыз көлемінде жолаушы шығынын өтеуден басқа айыппұл төлейді. Өндірілген айыппұл салу сомасы жол жүру құжаты (билет) құнынан аспауы тиіс.

Тасымал ережесіне сәйкес жолаушы арызы бойынша жолаушылар пойызының кешіккені үшін төленетін айыппұлды алу үшін жолаушы шағымдануы керек.

«Өтемақы алуы үшін жолаушы соңғы келу пунктінде вокзалдағы кезекшіден кешіккен уақыт саны міндетті түрде көрсетіліп бекітілген жол жүру құжатында (билетте) ұсталынған уақыт саны туралы белгі қойып алуы керек. Ары қарай жолаушы осы құжатпен, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжатпен ҚТЖ кез келген кассасынан өтемақы алуына болады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар