+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

ҚТЖ: Вагондар вирусқа қарсы зарарсыздандырылады

2020 жылғы 13 наурыз 15:35
Бөлісіңіз:
ҚТЖ: Вагондар вирусқа қарсы зарарсыздандырылады

НҰР-СҰЛТАН - «Қазақстан темір жолы» компаниясы теміржол вокзалы мен вагондарда коронавирустың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айынан бастап коронавирустың алдын алу жөніндегі ертерек әрекет ету шаралары қабылданған. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Достық стансасына дейін «Алматы –Үрімжі» және «Нұр-Сұлтан – Үрімжі» жолаушылар пойызының жүру бағыттары қысқартылған.

«Жолаушы пойызында коронавирустың алдын алу жөніндегі барлық жүргізіліп жатқан іс-шаралар денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы (ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті) талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе жолаушыдан немесе персоналдан коронавирус күдігі байқалған кезде пойыз бригадасының іс-әрекетін регламенттейтін нұсқама әзірленді», делінген хабарламада.

Рейстің алдында пойыз бригадалары тұрақты түрде нұсқаулық өткізеді. Вагонға отырғызар алдында жолсерік жолаушылардың коронавирус індеті тараған елдерде болған-болмағаны жөнінен сұрап хабардар болуы керек. Ондай жолаушылар анықталған жағдайда анкета толтырылады және ақпарат ары қарай шаралар қабылдау үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратына жіберіледі.

«Сапар барысында пойыз бригадасы қызметкерінде немесе жолаушыда коронавирус белгісі анықталған жағдайда пойыз басшысы әлгі жолаушыны өзге жолаушылардан оқшаулауы және пойыз машинисін хабардар етуі тиіс. Вагондардың айналымы және келу пунктерінде бактерия мен вирустарға қарсы зарарсыздандыру жұмысы тұрақты жүргізілуде. Қабырға, төбе, еден, үстел, диван және терезе дезинфекцияланады. Ол санитарлық ереже талаптарына жүргізіледі. Сондай-ақ жолаушылар пойызы айналымы пунктерінде қоқыс жәшіктері мен дәретхананы зарарсыздандыру қолға алынған», делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарында келесідей сақтық шараларын қабылдаған:

-Вагондарда жолаушылар үшін көрнекі ақпарат және жадынама, фирмалық және коммерциялық пойыздардың мултимедиялық порталдарында коронавирустың алдын алу жөніндегі бейнероликтер орналастырылған.

Сапар кезінде зарарсыздандыру құралдарын қолдана отырып 4 реттен кем емес ылғалды тазарту жүргізіледі. Пойыздар ауру анықталған жағдайда зарарсыздандыру құралдары, медициналық маскалар және өзгелері (шүберек, шелек, есепке алу дәптері) қарастырылған.

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан теміржол вокзалдарында коронавирус таралуының алдын алуда және қауіпсіздік шараларын қабылдауда.

Нұр – Сұлтан, Алматы, Семей қалаларындағы және Достық стансасы вокзалдарына ерекше назар аударылуда.

«Аталған вокзалдардың есепші, кезекші мен өзге де қызметкерлері антисептик, қорғаныш қолғабы, маскамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жұқпалы індет белгісі бар тұлға анықталған жағдайда қауіпсіздік шарасы мен өзге де әрекет бойынша қызметкерлерге нұсқаулық өткізілуде. Еліміздегі вокзалдарда барлық ғимараттарды зарарсыздандыруды тұрақты жүргізуге арнайы жуу құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген», делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәлметінше, коронавирус індеті таралуы кезеңінде жоспарын өзгертіп, жол жүру құжатын (билетін) өткізу туралы шешім қабылдаған жолаушылар оны билет сатып алынған орындарда (интернет сайттары мен билет кассаларында) жүзеге асыра алады. Сұрау саны артқан кезде билетті кері қайтару процесі күткендегіден көп уақыт алуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚТЖ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT