«ҚТЖ»: Пойыздар карантин жарияланған қалаларға бармайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдері ел тұрғындарына пойыздардың карантин жарияланған қалаларға бармайтынын немесе ол қалаларды айналып өтетінін ескертті.

«Құрметті жолаушылар! Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағатта Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларына карантин енгізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары бұл қалаларға жүрісін тоқтатады, ал кейбірі тоқтаусыз транзитпен өтіп кетеді. Жолаушылардан аталған карантиндегі қалаларға бармауын және де алдын ала алынған билеттерін өткізуін өтініп сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Пойыздардың қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты ҚТЖ сайтында және BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан алуға болады.


Соңғы жаңалықтар