+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ҚР Ұлттық музейі #Bizbirgemiz науқанына қолдау білдірді

2020 жылғы 24 қаңтар 19:42
Бөлісіңіз:
ҚР Ұлттық музейі #Bizbirgemiz науқанына қолдау білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері #Bizbirgemiz науқанына қолдау білдіріп, музей аумағын қардан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық 135 мың волонтер бір күнде 6 мың тонна қоқыс жинады Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектер саны артып келеді – Білім министрі

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қала тұрғындарын аталмыш челленджді қолдауға шақырды.

«Тұрсынбек Қабатовтың үндеуін Мемлекет басшысы қолдап, кеңінен насихаттағаны бәрімізге үлкен серпіліс болды. Біздің жайнаған елордамыздың тазалығы үшін ҚР Ұлттық музейі де қуана атсалысуда. Еліміздің бірлігі, оның рухани байлығы, жоғары деңгейі осындай игі істерден көрінеді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы биылғы жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Сондықтан бүкіл қазақстандықтарды бұл челленджді қолдауға шақырамын», - деді музей директоры.

Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, Қаллеки театрының әртістері және «Jas Otan» жастар қанаты қолдау білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT