ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары лауазымына Бақытбек Қосжановты және Асқар Әмірхановті тағайындады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары Марат Өсіпов және Дәулет Ерғожин қызметтерінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар