12:55, 28 Маусым 2020 | GMT +6
ҚР ҰҚК журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сіздерді кәсіби мереке - БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды! Біз сіздердің біліктіліктеріңізді, елімізде және шетелде болып жатқан оқиғаларды объективті түрде жариялай білуіңізді жоғары бағалаймыз! Сіздерге шын көңілден мықты денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыстар тілейміз! ҚР ҰҚК баспасөз қызметі»,-делінген Instagram парақшасында.