ҚР ҰҚК трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «А» арнайы мақсаттағы қызметін қатыстырумен аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында 2020 жылғы қазан-қарашада баукеспелер Ақтөбе қаласына Беларусь және Қазақстан кәсіпкерлерін алдап шақырып, психологиялық және күш көрсету арқылы бизнесмендердің 87 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иеленгені анықталды.

Бұдан әрі, 2021 жылғы ақпанда Мәскеу қаласынан бизнесменді – ірі инвестициялық компанияның басшысын Ақтөбе қаласына шақырып, осыған ұқсас жолмен 500 мың АҚШ долларын иемденуді жоспарлаған.

Нәтижесінде, топ жетекшісі – Қазақстан азаматы және 4 белсенді мүшесі – Ресей Федерациясының азаматтары ұсталды.

Тінту барысында 3 Калашников автоматы, электршокерлер, бетперделер, банк карталары, ұялы телефондар мен қылмыс жасаудың басқа да құралдар-жабдықтары табылып, алынды.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар