+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

ҚР ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғады

2020 жылғы 16 қаңтар 17:36
Бөлісіңіз:
ҚР ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 362-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде тергеу мүддесіне орай толық деректер жариялануға жатпайды», - делінген ҰҚК ақпаратында.

Еске салайық, 15 қаңтар күні кешке әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны және тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Алайда, өңір әкімдігінің баспасөз қызметі бұл фактіні растайтын ресми деректер жоқтығын мәлім етіп, осы орайда, қандай да бір өзге ақпарат жариялаудан аулақ болуға шақырды.

Ал 16 қаңтар күні таңертең Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі әкімшілік қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің басшылығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі орнында емес, бірақ ол жұмыс бабы бойынша қалада жүр. Таңертең ол Инвесторлар үйінде жиналыс өткізуі керек еді. Бірақ жұмыс кестесіндегі өзгерістерге байланысты кездесуді оның орынбасары Арыстан Қабыкенов өткізді», - деген еді баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі болып 2016 жылы тағайындалды.

Ол 1971 жылы Павлодар облысының Железин ауданында туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономист-менеджер. Еңбек жолын Павлодар облысы Железин ауданының «Советский Казахстан» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1993-2008 жылдары Павлодар облысының шағын және орта бизнесінің ауылшаруашылық кәсіпорындарында кәсіпкерлікпен шұғылданған.

2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметке келді. Павлодар облысындағы Қашыр ауданының әкімі, Ақсу қаласының әкімі лауазымдарында болды. 2014-2016 жылдары - Павлодар қаласының әкімі.



Фото: pavon.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT