ҚР ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әсер ету қызметі интернеттегі ақпараттық қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары туралы хабардар етіп отыратын Telegram-ботты іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Telegram-бот арқылы қазақстандықтар:

- «KZ-CERT қызметтері» айдарына ақпараттық қауіпсіздіктің ықтимал қаупі және инциденті туралы хабарлай алады;

- «Call – Center»қызметінің 1400 бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына тәулік бойы тегін қоңырау шалуға болады.

- Қандай да бір доменде зиянды бағдарламалық жасақтаманың бар-жоғын тексере алады;

- «Құпия сөздің күрделілігін тексеру» қызметі жеке ақпараттың қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі;

- «Жиі қойылатын сұрақтар» айдарында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты жиі жолданатын сұрақтарға жауап беріледі.

«Сондай-ақ, KZ-CERT қызметі ребрендинг жасап, www.cert.gov.kz жаңа интернет-ресурсын пилоттық режимде іске қосқанын еске салады. Жаңа интернет-ресурста нашар көретіндерге арналған нұсқа жетілдірілді, ресурстың мобильдік нұсқасы икемделді, құпия сөздің күрделілігін тексеру қызметі қосылды, онлайн режимде кез келген уақыттағы инциденттер статистикасын қарауға болады және 24/7 режимде онлайн кеңесшіден ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес, көмек алуға болады», - делінген «KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар