ҚР ҰҚК: Атырау облысының Көптоғай ауылына қатысты тараған видео – монтаждалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысының Көптоғай ауылына қатысты тараған видео 2 фрагменттен монтаждалған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенбі күні әлеуметтік желіде тараған фейк-видеоға қатысты айтар болсам, ол- монтаждалған. Екі фрагменттен монтаждалған. Біріншісі, Маңғыстау облысында қазіргі уақытта аяқталған оқу-жаттығудағы шын видео. Ол жерде шекарадан жаппай өту және босқындар лагерін ұйымдастыру элементтері пысықталды. Екіншісі де Көптоғай ауылындағы шынайы жағдай, жергілікті тұрғындардың нақты жиыны», - деді Айдар Аймурзин.

Оның атап өтуінше, осы екі оқиғаны біріктірген сәтте Көптоғай ауылында болған жайт бұрмаланып көрсетілген.

«Айта кетерлігі, қазіргі уақытта облыс әкімдігінің біздің облыстық департаменттің басшылығымен жиналыс өтіп жатыр. Әзірше жағдай тұрақты, жергілікті тұрғындар түсіністік танытып отыр. Бізде туындаған барлық мәселені ескеруге тырысамыз. Тағы да қайталап айтамын, жерге қатысты шегініс жоқ. Тұрғындардың суға бару мүмкіндігі сақталған. Бұған қоса, суға мұнан да ыңғайлы жету мәселесі шешілетін болады», - деді ол.

Еске салайық, б иылғы 14 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Ресейдің Астрахан облысымен шекарасында жаңа шекаралық қоршау тұрғызыла бастаған болатын. Жұмыстарды ҚР ҰҚК әскери қызметшілері жүргізді.

Ал бүгін шекара қызметкерлері орнатқан бағаналарды қайта алып тастағаны белгілі болды.

Сондай-ақ бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин Атырау облысының Көптоғай ауылы тұсындағы шекаралық қоршауға қатысты туындаған мәселеге түсініктеме берді.


Соңғы жаңалықтар