+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

ҚР Үкіметінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

2019 жылғы 6 желтоқсан 14:43
Бөлісіңіз:
ҚР Үкіметінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы жинағының жалпы сомасы 10,7 трлн теңгеге жетті Мемлекет басшысы: Жұмыс берушілердің 5 пайыздық зейнетақы жарна төлеуіне қатысты дау-дамай басылар емес Қазақстанның әуе компаниялары ұшақ билеттерінің құнын 12% төмендетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қорғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Үкіметке жұмыс істейтін азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Отырыс кезінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің тиімділігін бағалауды және халықаралық тәжірибе талдамын ұсынды.

Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалану, Бірыңғай әлеуметтік қор құру, бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу және басқа да мәселелер талқыланды.

Отырыста аталған мәселелер бойынша сындарлы талқылау жасалып, пікір алмасылды, тиісті ұсыныстар білдірілді. Биылғы жылдың соңына дейін жұмыс тобы ұзақмерзімді актуарлық модельдер негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.

Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «First Heartland Jysan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев, «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Алёна Романова, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС аға серіктесі Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT