ҚР ҰЭМ базалық мөлшерлемені ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің орнына базалық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде ұсынылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің атап өтуінше, мұндай шара «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген.

«Ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер көзделеді. Заңнама нормаларын біріздендіру үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің орнына базалық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде ұсынылады. Қаржы нарығының тұрақтылығы бойынша синдикатталған қарыз беру тетігін жетілдіруге бағытталған түзетулер көзделеді»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл бірнеше банктің, халықаралық қаржы ұйымдарының бір шарт аясында қарыз алушының кредиттенуіне мүмкіндік береді.

«Бейрезидент банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін елдің қаржы ұйымдарына ұқсас талаптарды айқындау ұсынылады. Микроқаржы ұйымдарының қызметін қаржы ұйымдарына теңестіру көзделеді. Бұл қаржы қызметтерінің адал бәсекелестігін қолдауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар