ҚР Сыртқы істер министрлігінде коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қытайда тараған коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - делінген ведомствоның Telegram -ында жарияланған ақпаратта.

Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы азаматтарымыз үшін Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы қауырт желі ашылды.



Соңғы жаңалықтар