ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ЕКПА төрағасымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Десспен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі дөңгелек үстелге қатысады.

Тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде ЕКПА-мен, құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиямен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ЕК мемлекеттерінің тобымен ынтымақтастықты талқылады.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен ЕКПА арасындағы саяси диалогтың дамуының оң динамикасын атап өтіп, заң шығару қызметінде тәжірибе алмасу, демократия мен құқық үстемдігі қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар еуропалық конвенцияларға, оның ішінде Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясына қосылуы тұрғысынан бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Р.Демс Қазақстанның саяси реформаларды жүзеге асырудағы жұмысы мен жетістіктерін құптап, сондай-ақ ЕКПА-ның Қазақстанмен парламентаралық байланыстарды нығайтуға және Еуропа Кеңесінің басқа институттары шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесуге дайын екендігіне сендірді.

Қазақстан Республикасының Парламенті мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге ЕКПА-ның көктемгі сессиясы шеңберінде 2004 жылғы 30 сәуірде Страсбургте қол қойылды.


Соңғы жаңалықтар