+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

ҚР СІМ Түркістан облысындағы жағдайға қатысты: Өзбекстанға нота жолданбайды

2020 жылғы 5 мамыр 14:51
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ Түркістан облысындағы жағдайға қатысты: Өзбекстанға нота жолданбайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының елді мекендерін су басуға қатысты өзбек тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын жолдау мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстан Республикасы аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы және оның салдарынан Түркістан облысының бірқатар елді мекендерін су басу бойынша жағдай біздің Үкіметтің ерекше бақылауында.

Үстіміздегі жылғы 2 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескені және сұхбат барысында тараптар орын алған жағдайды нақты талқылап, екі ел үкіметі үйлесімді жұмыс атқаратыны туралы уағдаласқаны мәлім.

Су басу салдарын бірлесіп жою бойынша үкімет пен шекаралас өңірлер басшыларының тығыз өзара іс-қимылын назарға ала отырып, өзбек тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын жолдау мәселесі қарастырылмайды», - деді А.Смадияров.

Ресми өкілдің айтуынша, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстанның көршілес өңірлеріне жедел түрде сапар жасаған. Өзбек тарапымен қажетті келіссөздер жүргізіп, оның қорытындылары туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында баяндады.

«Өздеріңізге мәлім, Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Ертең ол Түркістан облысы мен Өзбекстанға бірлескен іс-қимыл алгоритмін пысықтау үшін барады.

Екі тараптың барлық байланыстары толықтай Мәңгілік достық және стратегиялық әріптестік туралы шарттардың және Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенцияның нормаларына сәйкес жүзеге асырылады», - деді ол.

Еске салайық, Өзбекстанда бөгеттің жарылуынан Түркістан облысының бірнеше елді мекенін су басты. 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Атқарылған жұмыстардан кейін су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне қайта бастады.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында төтенше жағдай салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 балабақшаны, 4 медицина нысанын, 1 мәдениетін үйін, сонымен қатар 10 дүкенді су басқанын мәлім етті. Жеңіс ауылындағы көпірді және республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автомобиль жолы су астында қалды. Мұнан бөлек, алдын ала жинақталған мәліметтерге сәйкес, көлемі 7 639 гектар егістік жерін су шайды. Мал шығыны да нақтыланып жатыр.

Сондай-ақ Өзбекстан Мақтаарал ауданындағы барлық коллекторды тазалауға көмектесуге уәде еткені атап өтілді.

Премьер-Министр Асқар Мамин зардап шеккендерге Үкіметтен қажетті барлық көмек көрсетілетінін айтты.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT