ҚР СІМ басшысы Украина Елшісін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскийді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі аспектілерін, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина комиссиясының 14-ші отырысына дайындықты, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрестегі өзара іс-қимылды талқылады.

Тараптар екі ел арасында берік саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар