ҚР СІМ басшысы НАТО-ның бас хатшысымен кездесті

None
None
БРЮССЕЛЬ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Брюссельдегі Солтүстікатлантикалық альянстың штаб-пәтерінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесуі болып өтті.

ҚР СІМ басшысының кездесу қорытындысы бойынша атап өткеніндей, Қазақстан мен НАТО әріптестігінің жеке бағдарламасы көп тармақты әрі мазмұнды болып табылады (Әріптестік іс-қимылдарының жеке жоспары). НАТО-дағы әріптестер бұл бағдарламаның белсенділігі мен нәтижелілігін атап өтуде.

«Әрине, НАТО аясында Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастығымыз ерекше мәнге ие, әсіресе бұл елден коалициялық күштердің жаппай шығарылуы күтіліп отырған 2014 жылдан кейін ол күшеймек. Бірақ біздің аймағымыздың, атап айтқанда, Қазақстан және коалиция елдерінің Ауғанстанның ұзақ мерзімдік қауіпсіздік, тұрақтылық және әлеуметтік-экономикалық оңалтуының саяси және басқа да өзара іс-қимылды жалғастыру маңыздылығына ортақ түсіністік бар», - деді Е.Ыдырысов.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен НАТО арасындағы саяси және әскери ынтымақтастық, парламентаралық байланыстар, Альянстың Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздік құрылымдарымен өзара ықпалдастығы бойынша пікір алмасулар болды.

НАТО-ның бас хатшысы Қазақстанға Ауғанстандағы халықаралық коалицияға қолдау білдіргені үшін, сондай-ақ бұл елге жан-жақты көмек көрсеткені үшін, соның ішінде ауғандық студенттерді ҚР-ның жоғары оқу мекемелерінде қазақстандық тараптың есебінен оқытылу бойынша қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Бұдан басқа, ҚР СІМ-нің басшысы Қазақстан мен НАТО-ның Ауғанстаннан коалициялық күштерді шығару және аймақтық интеграцияға септігін тигізетін бұл бағдарларды коммерциялық артерияларға айналдыру аясында транзит туралы маңызды келісушіліктерінің бар екенін атап өтті.

«Сондықтан біз сапар нәтижелеріне қанағаттандық. Негізгі басымдықтарды бірдей түсіну белгіленді. Барлық жұмыстарды келісілген әрекеттер бағдарламасының аясында жалғастыру туралы келісушіліктер бар», - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов.

Соңғы жаңалықтар