ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Ел болашағы» атты патриоттық әндердің ақтық бәсекесі өтеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Ел болашағы» атты патриоттық әндердің республикалық конкурсының ақтық бәсеге жолдама алған орындаушылары сайысқа түседі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Аталған орталықта өтетін концерт конкурстың екінші кезеңі. Онда әділ  қазылар олардың жанды дауыста орындаған әндерін тыңдайды. Алғашқы кезеңде қатысушылар CD-дискіге жазылған композицияларын ұйымдастыру комитетіне жіберген болатын. Оның қорытындысы бойынша 16 адам ақтық бәсекеге жолдама алған еді.

Конкурс үш номинациядан тұрады. «Менің Қазақстаным» номинациясымен Отан, туған жер туралы үздік ән мен оның орындаушысы  марапатталады. ҚР Қарулы Күштері, Республикалық гвардияның, Ішкі істер министрлігінің әскери қызметкерлері туралы үздік танылған композицияға «Сарбаз» номинациясы  беріледі. Ал соңғы «Аманат» номинациясы рухани құндылықтар туралы үздік авторлық әнге бұйырады.

Конкурсты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен  «Алтын күн» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар