+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ҚР Президентінің Телерадиокешені Ауғанстанға қатысты деректі фильм ұсынады

2021 жылғы 25 қыркүйек 19:31
Бөлісіңіз:
ҚР Президентінің Телерадиокешені Ауғанстанға қатысты деректі фильм ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Телерадиокешені Ауғанстандағы ахуалға қатысты деректі фильм ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанның оңтүстігінде мешітте жарылыс болды Тоқаев ТМД елдері басшыларын тұщы су проблемасын бірлесіп шешуге шақырды Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет – ҚР Президенті

«Тәлібтер тәртібі және Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылуы барлығының дерлік көңілінен шықпайды. Алайда, қандай балама бар? Бұған жауап – Қазақстан Президентінің Душанбеде ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінде, сондай-ақ екі бірлестіктің тарихтағы алғашқы бірлескен отырысында айтқан бастамаларында.

Жақында ҚР Президентінің Телерадиокешені дайындаған «Ауған шырмауы» деректі фильмін көріңіздер», - делінген Президенттің Телерадиокешені хабарламасында.


Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты.

Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құруға бастама жасағаны жөн.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев: «Ауғанстандағы кезекті жағдай көптеген елді, ең алдымен, көршілес мемлекеттерді жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет қалдырып, өңірдегі ахуалды бірден өзгертіп жіберді. Мұндай жағдайда біз жаһандық өзгерістерге жақсылап дайындалуымыз керек», – деп атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT