ҚР Президентінің Семейге жұмыс сапарынан видеошолу жарияланды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына жасаған сапарынан видеошолу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Еске салсақ, бүгін таңертең ҚР Президенті Семейге жұмыс сапарымен келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты. «Хакім Абайды біртұтас ұлт болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз», - деп атап өтті шара барысында Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент абайтанушы ғалымдармен кездесіп, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенін аралап көрді.

Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев Семейге сапары барысында жалпы көлемі 203 гектарды болатын Қарағайлы ықшамауданында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты.






Соңғы жаңалықтар