ҚР Президентінің арнаулы өкілі Ержан Қазыхан ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында арнаулы өкіл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жүргізіліп жатқан реформалар мен елдің тұрақты дамуының басымдықтары туралы айтты.

Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ еркіндігі, азаматтық қоғамды қолдау, сот реформасы, әйелдер мен мүгедектердің құқықтарын ілгерілету жөніндегі жүргізіп жатқан саясатын жоғары бағалады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы серіктестік қатынастар жақсы дамып келеді, сондай-ақ, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қалыптасуда.


Соңғы жаңалықтар