ҚР Президенті жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

None
None
АШХАБАТ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар