ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

None
None
НҮР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook -тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді.

Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова Президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ.

Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ.


Соңғы жаңалықтар