ҚР Президенті жастар арасында лудомания белең алғанына алаңдаушылық танытты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алуда. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскелең ұрпақтың денсаулығына әлеуметтік кеселдер залалын тигізеді. Шылым шегуге, ішімдікке және есірткіге тәуелді болу кеңінен таралған жағымсыз әдеттер. Бұған қоса, соңғы кезде жастар арасында лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік белең алуда. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөпірімдеріміз заманауи технологиялардың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз елітіп отырғандығын баса айтты.

«Мемлекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ, бұл шаралар әрине, жеткіліксіз. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар