ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды, деп хабарлайды Ақорда. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Жарлығының мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы

Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 қыркүйек


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің

ҚҰРАМЫ

Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы

-

Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

Сэр Сума Чакрабарти

-

төрағаның орынбасары

Жоғары кеңестің мүшелері:

Мамин

Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қошанов

Ерлан Жақанұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Досаев

Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Төрағасы

Келімбетов

Қайрат Нематұлы

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

Әбілқасымова

Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы

Исекешев

Әсет Өрентайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Сүлейменов

Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Құлыбаев

Тимур Асқарұлы

-

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы


Соңғы жаңалықтар