ҚР Президенті Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Расул Жұмалыны қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі ахуалы және оны дамыту, отандық контенттің сапасын арттыру, мемлекеттік тілді өркендету, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, ағартушылық жұмыстар жайында сөз болды.

Бұдан бөлек саясаттанушы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларына қолдау білдіріп, оның жұмысын одан әрі ілгерілетуге, жастар саясаты мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті.


Соңғы жаңалықтар