+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

ҚР Президенті шығыны көп ЕАЭО шешімдерін кейінге қалдыруды ұсынды

2020 жылғы 19 мамыр 18:28
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті шығыны көп ЕАЭО шешімдерін кейінге қалдыруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы онлайн отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ның шығыны көп кейбір шешімдерін кейінірек орындауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елдеріміздің бизнесі өте күрделі жағдайға тап болып отыр. Өндірісті дамыту жоспары, жеткізу тізбегі бұзылып, кредиторлық берешек өсіп кетті. Іс жүзінде барлық ресурс жұмысты тұрақтандыруға, жұмыс орындарын сақтауға жұмылдырылған. Сондықтан, Одақ органдарының барынша шығынды жекелеген шешімдерін орындау ақылға қонымды болмақ емес. Қалай десек, Ұйымымыздың қазіргі даму кезеңінде. Мұндай шешімге міндетті таңбалауды енгізу жоспарын жатқызуға болады. Бірақ, бұл мәселені комиссия аясында Үкімет қарауы тиіс», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалу қажеттігін баса айтты.

«Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Дәл осындай жұмыс өзге де елдерде жүргізілгеніне сенімдімін. Сондықтан сыртқы сын-тегеуріндерге жауап қайтару және дағдырстан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту шараларын талқылау үшін елдеріміздің қаржы-экономикалық блок министрліктері басшыларының, толықтай алғанда Үкімет алаңын құрып, белсенді пайдалануды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT