USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ҚР Президенті Швейцарияда қазақтың көне жәдігерлері сақталған музейді аралады

2021 жылғы 30 қараша 02:31
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Швейцарияда қазақтың көне жәдігерлері сақталған музейді аралады

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Швейцария президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ги Пармелан Берн тарихи музейінің Анри Мозер топтамасындағы XIX ғасырдың қолөнер туындыларын тамашалады. Бұл туралы Ақорда сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ертең ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясы өтеді Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Келіссөздер аяқталған соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария Президенті Ги Пармелан белгілі дипломат және саяхатшы Анри Мозердің бірегей экспонаттар топтамасындағы керемет жәдігерлердің бірі – қазақтың барқыттан жасалған тұскілемін бірге тамашалады.


Аталған жәдігерді қазақ сұлтаны Баймұхаммед XIX ғасырда швейцариялық дипломатқа тарту еткен. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында аталған жәдігер екі ел арасындағы мәдени байланыстардың ерекше символына айналды.

Анри Мозердің топтамасында тұскілемдер, ұлттық қарудың түрлері: айбалталар, қылыштар, қанжарлар, сондай-ақ ат әбзелдері және басқа да бұйымдар бар. Қазақ даласының билеушілері аталған жәдігерлерді зерттеушіге сыйлық ретінде берген және олар Швейцарияға жеткізілген.

Экспонаттардың ішінде тұскілемдердің алатын орны ерекше. Олар қазақ халқының көркем туындысы ғана емес, сонымен қатар Қазақ хандығының тарихын ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құнды материал болып табылады.

Мемлекет басшысы тұскілемнің бірегейлігін және оның тарихи құндылығын атап өтіп, аталған өнер туындысының Қазақстанда да көрмеге қойылатынына үміттенетінін айтты.

Еске салайық, 28 қарашада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді.

Бүгін Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездесті, ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты, сондай-ақ Инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті.

Сондай-ақ ҚР Президенті Швейцария Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT