ҚР Президенті Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Президенттің Баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар