ҚР Президенті құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Еске салайық, Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы 9 қыркүйекте елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды.





Соңғы жаңалықтар